Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Қайрат Нұртастың бостандыққа шыққан сәтінен видео жарияланды

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас бостандыққа шықты
Қайрат Нұртас бостандыққа шықты. Видеодан кадр: Instagram/juldyzdar.qaz

Басы дауға қалып, 15 тәулікке қамалған эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас бостандыққа шықты. Әлеуметтік желіде өнер иесінің абақтыдан шыққан сәтінен видео жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың бостандыққа шыққан сәтін Otyrar.kz тілшілері түсіріп алған. Видеода әншінің түрмеден шығып, жақындарымен қауышқанын көруге болады.

Қайрат Нұртастың ата-анасы ұлы үшін арнайы Алматыдан ұшып келген. Ата-анасы мен баласының кездесуі аса әсерлі болды. Айдарбековтер тұңғышын қатты құшақтап, көз жасына ерік берді.

Сонымен қатар Қайрат Нұртасқа бірқатар адам қолдау білдіріп келген. Өнер иесі жақындарымен қауышқаннан соң, бірден көлігіне отырып кетіп қалған.

Алайда басы дауға қалған әртіс өзінің қазіргі жағдайына қатысты пікір білдіріп үлгерді.

"Денсаулығым бәрі жақсы шүкір. Рақмет", - деп қысқа қайырды хитмен.

Осы ретте әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова да қуанышын жасырмады.

"Қуаныштымын. Ешбір ананы баламен сынамасын. Бәрін Аллаға тапсырайық. Бәрі жақсы болсын", - деді продюсер.

Айта кетейік, 5 шілдеде отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Дәл сол күні халықтың сүйікті әншісіне қатысты сот отырысы өтті. Шоу-бизнес өкілі ұшақ бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі танылды. Оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2137134-zhelide-qairat-nurtastyng-bostandyqqa-shyqqan-satinen-video-zhariialandy/