Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өкінген жоқпыз": Мақпал Жүнісова қызы туралы құпияны не үшін жария еткенін айтты

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісова қызы Мерейге қатысты шындықты айтты
Мақпал Жүнісова қызы Мереймен. Фото: ernur.kz

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова қызы Мерейге қатысты құпияны не себепті жария еткенін ашып айтты. Өнер иесі перзентіне шындықты айтқаны үшін өкінбейтінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында өзіне жағымсыз пікір қалдырған оқырманына жауап берді. Желі қолданушысы әншіге "Мерейге шындықты айтпауың керек еді, бейшара қыздың өмірін құрттың" деп сынап жазған.

"Шындықты айтқанымызға мен де, Мерей де өкінген жоқ. Бейшара қыз емес. Абайлап сөйлеңіз. Зәкең 18 жасқа толғанда өзім айтамын деген. Мен айтпасам, ертең сіз сияқтылар басқа адамнан туған деп айтып қояды. Оданда өз аузымнан естісін. Өзімнің туған бауырымның қызын бауырға бастық. Ертең күйеуге шығарда өзінің руы мен тегін білгені дұрыс", - деп жауап берді Жүнісова.

Мақпал Жүнісованың пікірі
Мақпал Жүнісованың пікірі. Скриншот: Instagram/zhunusova.makpal

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2139474-okingen-zhoqpyz-maqpal-zhunisova-qyzy-turaly-qupiiany-ne-ushin-zhariia-etkenin-aitty/