Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас желіде бейтаныс арумен видео жариялады

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас белгісіз арумен
Қайрат Нұртас белгісіз арумен. Видеодан кадр: instagram.com/ kair_n

Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасында бейтаныс арумен түскен видеосын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Видеода Қайрат Нұртастың қасындағы бойжеткеннің хиджаб кигенін аңғаруға болады. Дегенмен ол камераға жүзін көрсетпейді.

"Ассалаумағалейкум, қалдарыңыз қалай? Сәлем", - дейді Қайрат Нұртас видеода.

Өнер иесінің жанындағы қыздың кім екені әзірге белгісіз. Әншінің өзі де бейтаныс аруға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, 5 шілдеде отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Дәл сол күні халықтың сүйікті әншісіне қатысты сот отырысы өтті.

Шоу-бизнес өкілі ұшақ бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі танылды. Оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

20 шілдеде әртістің бостандыққа шыққаны белгілі болды. Желіде Қайрат Нұртастың абақтыдан шыққан сәтінен видео жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2143989-qairat-nurtas-zhelide-beitanys-arumen-video-zhariialady/