"Кейде қызғанышы кеп қалады": Ерке Есмахан отбасындағы келіспеушіліктер туралы айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде оқырмандары жолдаған сұрақтарға жауап беріп, жеке өмірі туралы сыр шертті. Өнер иесі отбасындағы келіспеушіліктер жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен сырласып, көпшілік көкейінде жүрген сауалға жауап берді. Оқырмандардың бірі әншіден "Күйеуіңізбен ұрысасыз ба?" деп сұрады.
Эстрада жұлдызы жолдасы екеуі мүлдем ұрыспайтынын айтты. Бірақ кейде өзара келіспеушіліктер болып қалатынын жасырмады.
"Өтініш деп қатты білгісі келіп бара жатқан кім болды екен? Құдайға шүкір, ұрыспаймыз. Анда-санда менің еркелігім ұстап қалады, кейде Раймның қызғанышы кеп қалады. Басқа кезде бақыт, сыйластық, махаббат" , - деп жазды Ерке Есмахан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2150439-keide-qyzganyshy-kep-qalady-erke-esmahan-otbasydagy-kelispeushilikter-turaly-aitty/