jitsu gif branding logo appbranding logo app

Тағы бір отандық әншінің басы дауға қалды

Алтынбек Тәшімбетов
Алтынбек Тәшімбетов. Фото: Instagram//altynbek_tashimbetov

Қазақстандық танымал әнші Алтынбек Тәшімбетов ішімдік ішкені және медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіргені үшін сот алдында жауап береді. Бұл туралы Алматы полициясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін "Kozachkov offside" Telegram арнасында оқиға орнынан фото жарияланды. Cуретте әнші Алтынбек Тәшімбетов екенін көруге болады.

"Дүйсенбі күні Алматының орталық қалалық клиникалық ауруханасына денесінде жарақат іздері бар өнер иесі жеткізілді. Оның үстінде тек іш киімі ғана болған. Аса танымал емес әнші өзін үлкен жұлдыз ретінде ұстап, қабылдау бөлімінде жанжал шығарды. Ол ресепшндегі әйнекті шағып, медбикеге дөрекілік танытқан. Ашуға булыққан әншіні полицейлер тоқтатты", - деп жазылған мәтінде.

NUR.KZ тілшісі жағдайға қатысты пікір алу үшін Алматы полиция департаментіне жүгінді.

"Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабы мен ҚР ӘҚБтК 80-1 бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс материалдары жиналды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді", - деді Полиция департаментінің өкілдері.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.