Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жазамды минутына дейін өтедім": басы дауға қалған Алтынбек Тәшімбетов бостандыққа шықты

Жарияланған күні:

Алтынбек Тәшімбетов
Алтынбек Тәшімбетов. Фото: Instagram//altynbek_tashimbetov

Басы дауға қалып, 10 тәулікке қамалған әнші Алтынбек Тәшімбетов бостандыққа шықты. Өнер иесі абақтыдан шыққан бойда оқырмандарымен байланысқа шығып, жағдайын айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынбек Тәшімбетов Instagram-дағы парақшасында полиция департаментінен видео жариялап, көпшілікке бостандыққа шыққанын хабарлаған. Өнер иесі жазасын толығымен өтеп, бқл оқиғадан үлкен сабақ алғанын айтты.

Әнші қиын сәтте өзіне қолдау білдірген көпшілікке алғысын білдірді.

"Қайырлы күн, достар! Міне, Алматы қаласы полиция департаментінің алдында тұрмын. Өзіме тағайындаған жазаны минутына дейін өтеп шықтым. Сіздердің қолдауларыңызға мың алғыс! Әншілер де - адам. Заң бәріне ортақ. Кейбір адамдар "Әншілерге сот жоқ, амалын тауып жазадан құтылып кетеді" деп жатыр екен. Оның бәрі жалған. Темір тордың ар жағында отырып, түрлі тағдыр иелерін көрдім. Аман болайық", - деді Тәшімбетов.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Алтынбек Тәшімбетовтың ауруханада шу шығарғаны туралы ақпарат тараған болатын. Полиция бұл жағдайды растап, өнер иесі ішімдік ішіп, медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіргені үшін сот алдында жауап беретінін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2156379-zhazamdy-minutyna-deiin-otedim-basy-dauga-qalgan-altynbek-tashimbetov-bostandyqqa-shyqty/