Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Араға 9 жыл салып": Мейрамбек Бесбаевтың әйелі жүкті екенін айтып, жұрттан сүйінші сұрады (видео)

Жарияланған күні:

Мейрамбек Бесбаев жұбайымен
Мейрамбек Бесбаев жұбайымен. Фото: instagram.com/marhabat.besbaeva

Отандық эстрада жұлдызы Мейрамбек Бесбаевтың әйелі жүкті екенін айтып, жұрттан сүйінші сұрады. Мархабат Бесбаеваның құрсағына бала 9 жылдан кейін біткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің жұбайы қуанышты жаңалығын Instagram желісінегі парақшасында бөлісті.

"Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын", - деп жазды Мархабат Бесбаева.

Мұны көрген жұрт өнер иесінің отбасына бақыт тілеп, ақ тілегін жаудырды.

"Құтты болсын", "Әрбір әйелге бақытты болсын", "Қуанып кеттім, не деген бақыт", "Көз тимесін, Мейрамбек екеуіңнің ұрпағың көбейе берсін", "Он екі мүшесі сау балапан дүниеге келсін", "Балаңызды аман-есен қолыңызға алыңыз" , - деп жазды желі оқырмандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2163834-araga-9-zhyl-salyp-meirambek-besbaevtyng-aieli-zhukti-ekenin-aityp-zhurttan-suiinshi-surady-video/