"Менің тыныштығым": Айгүл Иманбаева жолдасымен түскен жаңа суретін жариялады
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айгүл Иманбаева желіде күйеуімен түскен жаңа суретін жариялап, оған әсерлі жазба арнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Өнер иесі отағасы екеуінің фотосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда жолдасының актрисаны сүйіп тұрғанын байқауға болады.
"Мына шулы өмірде сен менің тыныштығымсың", - деген жазба қалдырды Иманбаева суреттің астында.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді.
"Бақытты болыңдаршы. Көз тимесін", "Таптым-ау сені деген осы ғой", "Жүректі жылытатын сурет. Құшақтадым", "Махаббаттарың баянды болсын", "Өте жарасымды, көрікті жұпсыздар", "Әр қазақ қызы бақытты болуға лайықты", "Қандай керемет жұрп", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2172382-mening-tynyshtygym-aigul-imanbaeva-zholdasymen-tusken-zhanga-suretin-zhariialady/