Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені сыртымнан құлыптап, өзі таңға дейін қыдыратын": Сиви Махмуди іздеуде жүрген бұрынғы күйеуі туралы айтты

Жарияланған күні:

Сиви Махмуди
Сиви Махмуди. Фото: instagram/sivi_makhmudi

Қазақстандық танымал әнші Сиви Махмуди бүгінде іздеуде жүрген бұрынғы күйеуі туралы сөз қозғап, ол туралы ел білмейтін жайтты ақтарды. Өнер иесі экс-күйеуіне тұрмысқа шыққан кезді еске алып, қандай қиындыққа тап болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сиви Махмуди бұрынғы жолдасына қатысты жаңалықтардан кейін Анна Данченкоға берген сұқбат беріп, ол туралы бырқатар тың деректі айтты.

Әншінің сөзінше, экс-күйеуі үйленгенге дейін өзінің ажырасқаны мен қызы бар екенін жасырып келген. Шындық ашылғанда өнер иесінің әкесі той жасауға түбегейлі қарсы болған.

"Біз онымен қыз бен жігіт болып жүреміз, маған сырға салынады, одан кейін той күнін белгілейміз. Тойға бірнеше күн қалған кезде сырға салу рәсіміне қатысқан алыс туыстарының бірі менің әкеме келіп, болашақ күйеу баласының бұрын үйленгенін айтады. Ол кісілер бұл жаңалықты менің және отбасымның білмейтінін біледі, көреалмаушылықтан әдейі істеді ме, әлде жаны ашыды ма, білмеймін. Мұны естіген әкем таңғалды, мені шақырып, үйде қырғын болды. Әкем менен "сенің тұрмысқа шығайын деп отырған жігітің бұрын үйленген екен, білетін бе едің?" деп сұрады, ал мен хабарсызбын. Мен қалай сонша уақыт сезбегенмін деп таңғалдым. Ол да пысық, мақсатына жатып алған. Сөйтіп өзінен сұрағанда ол әкемнің алдына бар дәлелін жинап келіпті. Оның ажырасқанын дәлелдейтін АХАЖ қағаздарын алып келген, сол кезде оның бірінші некесінен бір қызы бар екені белгілі болды.

Содан әкем "той болмайды" деді. Сырға салынып қойған, бұл туралы барлық туысқан біледі. Мені Алла осы күйеуіммен сынаған секілді, өйткені біздің қарым-қатынасымыздың өзі кино болып басталды. Ата-анамның алдында ұятқа қалғандықтан мен әкемнің шешімімен келісіп, "осымен бәрі бітті" деп жүремін. Әкем де, мен де оған жолама деп ескерттік, бірақ ол соңына дейін артымнан қалған жоқ. Күнде үйдің алдына келіп алатын, қонатын, маған қоңырау шалып, терезеден қарауымды сұрап, жалынатын. Мен қарап тұрған кезде дәрі ішіп, түрлі концерт қоятын еді. Осылай жүріп үйленгеннен кейін ол бірден босаңсып кетті. Мені сыртымнан құлыптап кетеді де, өзі таңға дейін қыдыратын", - деді Сиви.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2179958-meni-syrtymnan-qulyptap-ozi-tangga-deiin-qydyratyn-sivi-mahmudi-izdeude-zhurgen-buryngy-kuieui-turaly-aitty/