jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Еліктеуді қашан қоямыз": Меруерт Түсіпбаева трендтен қалмайтындарға шүйлікті

    Меруерт Түсіпбаева
    Меруерт Түсіпбаева. Видеодан кадр: youtube.com/ KTK TV

    Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева бүгінде тренд қуып, қомақты қаржысын орынсыз жұмсайтындарға желіде үндеу жасап, наразлығын білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Меруерт Түсіпбаева желіде хит болған дубай шоколады мен жапон жүзімін жаппай алып жатқандарға шүйлікті. Өнер иесі шетелден келіп жатқан екі өнімнің де дәмін татып көрмегенін айтты.

    "Дубайский шоколадтың дәмін татпадым. Түрінен шошыпкеттім, оның үстіне калорий көп. Бір танысым 25 мыңға 1 шоколадты сатып алып, видео түсіріп жеп отыр екен. Ішімнен ойладым, бірақ бетіне айтпадым енді. Оны алғанша "Қазақстан" шоколадынан 35 тал алмаймын ба деп ойладым. Ал жапон жүзімін тіптен жемеймін. Түрі жаман, пәлесінен аулақ! Осыларды жемесем де, көштен қалдым демеймін. Шүкір, ең бастысы тірімін. Осы біз еліктеуді қашан қоямыз екен?! Анау солай жасады, менде қалмайын дегенді қою керек", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

    "Еліктеуді қашан қоямыз": Меруерт Түсіпбаева трендтен қалмайтындарға шүйлікті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.