Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді жылы сөзіңізді ести алмаймын": Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті

Жарияланған күні:

Сәкен Майғазиев әпкесімен
Сәкен Майғазиев әпкесімен. Фото: Instagram/saken_maigaziyev

"МузАрт" тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің отбасында қайғылы жағдай орын алды. Өнер иесінің туған әпкесі өмірден өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаралы хабарды Сәкен Майғазиевтің өзі Instagram-дағы парақшасы арқылы жеткізді. Өнер иесі әпкесінен айырылып қалғанын айтып, желіде әсерлі жазба жариялады. Эстрада жұлдызы марқұм әпкесі туралы естелігін бөлісіп, қимастығын білдірді.

"Әппақ әпкетайым, апатайым, ақылшым, аяулым, асылым, жаныңыз жәннатта шалқысын. Енді, "Апатай, қалайсыздар?" деп қоңырау шалғанда: "Жақсымыз, Сәкбас, жаным, жарығым" деген жылы сөзіңізді ести алмаймын. Әпкедей мейірбан, тілеуқор, жанашыр болар ма?! Әкеміз бен анамыздың тұла бойы тұңғышы (кемпір мен шалдың қызы) туған әпкем Айтгүл 66 жасында раббысына қайтты. Кеше қасиетті жұма күні жер қойнына тапсырылып, жамбасы жерге тиді. Адам баласы Алланың өлшеп берген өмірінен бір минут ілгері не бір минут кейін өлмейтініне иман келтіргенбіз. Білсек те қимаймыз. "Атам деп жылатсаң да, ботам деп жылатпа" деп отыратын анамызға ауыр болатын болды. Анамызға, жездемізге, әулетімізге, жиендерімізге көркем сабыр бере гөр", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2191862-endi-zhyly-sozingizdi-esti-almaimyn-saken-maigazievting-apkesi-omirden-otti/