Гүлзира Айдарбекова еш жерде көрсетпеген отбасылық фотоларды жариялады
Жарияланған күні:
Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде көпшілік көкейінде жүрген сұраққа жауап беріп, бұған дейін еш жерде көрсетпеген мұрағаттық суреттерді жариялады. Өнер иесі өзін "Қайрат туралы ғана айта береді" деп сөгетіндерге жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында "Басқа ұлдары туралы мүлдем айтпайды" деп сынайтындарға жауап берді. Продюсер Қайратты көбірек жақсы көреді деген пікірлерді жоққа шығарып, үш ұлын да бірдей көретінін айтты.
"Қайрат туралы айтсам бүкіл жерге тарап кетеді. Содан кейін басқа ұлдарыңыз жайлы неге айтпайсыз деп жатады. Сұраққа қарай жауап беріп жатамын, бірақ ол әңгімелер көп таралмайды ғой. Барлық бала ана үшін бірдей болады. Бірақ қанша бақытты көрінгенімен, жүрегінде тынышы жоқ, қайсысының уайымы басымырақ. Амалсызсың. Заңғар еш уайымдатпайды. Туғанынан сондай болды. Керісінше, бізге ақыл айтқыш. Ешкімнен көмек те сұрамайды. Жағдайын өзі жәймеңдеп реттеп жүреді", - деп жазды ол.
Сонымен қатар Айдарбекова бұған дейін жарияламаған отбасылық фотоларды бөлісті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2191925-gulzira-aidarbekova-esh-zherde-korsetpegen-otbasylyq-fotolardy-zhariialady/