RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Жалғыздығы көрініп тұрды": Тамара Асар Назарбаевпен кездескенде неге жылап қалғанын айтты

Жарияланған күні:

Тамара Асар
Тамара Асар. Фото: instagram.com/tamara_assar_official

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асар 2018 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдер қауымы өкілдерімен өткізген "Көктем шуағы" атты кездесуінде неге жылап қалғанын түсіндірді. Өнер иесі саясаткердің көзінен жалғыздықты сезінгенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тамара Асар экс-президентпен кездесуі туралы "Din Dina Show" бағдарламасында айтып берді. Сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев ана туралы өлең оқығанда көз жасына ерік берген. Мұны көрген өнер иесі де өзін ұстай алмай, жылап қалғанын жеткізді.

"Анамды қатты жақсы көремін. Анаммен сырлас адаммын. Маған тұжырымдап сөз айтып, тоқтататын – анам. Әкем қатты еркелетсе, шешем тоқтатады. 2018 жылы жылағанымның себебін айтайын. Мен ол кісінің (Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) жалғыздығын сездім. Бірінші біз емес, ол жылады. Оның жылағанын қиып тастайды да, бізді шығарады. Ол кісі ана туралы айтып отырғанда көзінің жасы тоқтамай аққанда біз де жылап қалдық. Ана туралы аңызға егіліп жыламайсың ғой. Ол кісінің жалғыздығы көрініп тұрды", - деді Тамара Асар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2194944-zhalgyzdygy-korinip-turdy-tamara-asar-nazarbaevpen-kezdeskende-nege-zhylap-qalganyn-aitty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif