Top.Mail.Ru

Зектілері

"Бізді қарғап жатыр": Жазира Байырбекова өзі туралы жалған ақпарат таратқандарға шүйлікті

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова желіде өзі және отбасы туралы жалған ақпарат таратып жатқандарға шүйлікті. Өнер иесі халыққа үндеу жасап, шындыққа жанаспайтын жаңалықтарды жоққа шығарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова бұл туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. Өнер иесі алдымен ұлының баласы бар келіншекпен сөйлесіп жүргеніне қатысты ақпаратқа жауап беріп, артынан Бибігүл Төлегенова туралы жаңалыққа пікір білдірді.

Әнші жарияланып жатқан бұл қаңқу сөздерді жоққа шығарып, көпшілікті жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

"Мынау не сұмдық, адамдар?! Оқырман жинау үшін жалған ақпарат тарататындарды не істейміз?! Біріншісі ештеңе емес, екінші суреттегі жазуды айтсаңызшы масқара, ұят-ай. Халық соларға сеніп бізді даттап, сөгіп, қарғап жатқандары жанымды ауыртады. Шынымен сенесіздер ма осындай парақшалардың өтірік ақпараттарына", - деп жазды Байырбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2208132-bizdi-qargap-zhatyr-zhazira-baiyrbekova-ozi-turaly-zhalgan-aqparat-taratqandarga-shuilikti/