Top.Mail.Ru

Зектілері

"Қимастық сезім өзекті өртейді": Ернар Айдар марқұм әкесіне әсерлі жазба арнады

Жарияланған күні:

Ернар Айдар әкесімен
Ернар Айдар әкесімен. Фото: instagram.com/ernaraidar_kz

Қазақстандық танымал әнші Ернар Айдар әкесінің қазасынан кейін желіде әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі марқұм әкесін есіне алып, оған деген сағынышын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ернар Айдар әкесінің өмірден өткенін әлі де қабылдай алмай жатқанын айтты. Шоу-бизнес жұлдызы асқар тауы әкесіне деген қимастық сезім өзегін өртеп жатқанын жасырмады.

"Өткен жылдың 26 желтоқсанында, бейсенбі күні асқар тауым әкешім өмірден өтіп, ертесіне қасиетті жұма күні жер қойнына тапсырылды. Әлі сене алар емеспін. Ақиқатында, біз Алланікіміз һәм асылында, біз оған қайтамыз. Бірақ қимастық сезім өзекті өртейді екен. Әкешіме Алладан рахым, Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (Алланың Оған сәлемі мен салауаты болсын) шапағат тілеймін, жатқан жеріңіз жайлы болып, жаратқан алла жұмақтың төрінен орын берсін.

Әр жылы әулетімізбен 1 қаңтар анашымды туған күнімен құттықтап, қара шаңыраққа жиналып асқар тау әкеміздің ақ батасын алып, арқа-жарқа болушы едік. Анашым, Алладан тілерім деніңіз сау, өмір жасыңыз ұзақ болсын. Біздің бақытымызға сіз аман болыңыз. Баршаңызға амандық тілеймін", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, 26 желтоқсан күні Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті. Қаралы хабарды өнер иесінің өзі жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2210237-qimastyq-sezim-ozekti-orteidi-ernar-aidar-marqum-akesine-aserli-zhazba-arnady/