jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Баян Мақсатқызының құдағиы ҚазҰМУ бірінші проректоры болып тағайындалды

    Диляра Қайдарова
    Диляра Қайдарова. Фото: Instagram/kaznmu

    Медицина ғылымдарының докторы, академик, белгілі онколог Диляра Қайдарова С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың бірінші проректоры болып тағайындалды. Бұл туралы білім ордасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Диляра Радикқызы ҚазҰМУ-дың директорлар кеңесінің шешімімен университеттің бірінші проректоры болып тағайындалды. Бұл туралы басқарма басшысы, ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов кеңесшілерінің, проректорлардың және құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің қатысуымен өткен жиналыс барысында хабарлады.

    Диляра Қайдарова 2016 жылдан 2025 жылдың қаңтарына дейін онкология институтын басқарды. Ал 2006-2016 жылдар аралығында Алматыдағы онкология орталығында басшы қызметін атқарған.

    Қызметтік жолын 1992 жылы Алматы онкологиялық диспансерінің гинекологиялық бөлімшесінде дәрігер-онколог болып бастаған.

    Айта кетерлігі, Диляра Қайдарова белгілі продюсер Баян Мақсатқызының құдағиы, Айсәуле Бақытбектің енесі болып келеді.

    Баян Мақсатқызының құдағиы ҚазҰМУ бірінші проректоры болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.