jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    13 млн қаралым: "Alem band" тобы қалай рекорд жаңартты?

    : Instagram

    Үш жігіттен құралған "Alem band" тобы NURTV.KZ-тің "Клип Show" бағдарламасында Байзақова түскен атышулы бейнебаяндары жайлы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жас жігіттер Айжан Байзақовамен түсірген "Қалаулым" атты бірінші клиптерінің осы уақытқа дейін 13 млн-ға жуық қаралым жинағанын жеткізді

    "13 млн-ға жақындап қалды. Рекорд. Осы клиптен кейін еш өзгеріс болмады. Қазіргі таңда осы өлеңге қатысты көбісі мазақ қылады.

    Бірақ осы өлеңді көпшілік жатқа біледі. Қазақта "Бақ шаба ма? Бап шаба ма?" деген қазақта жақсы сөз бар ғой. Осы бір біздің сәтіміз шығар. Осы бейнебаян, осы ән, осы актриса түскені...

    Бұл өзі осыған дейін де талай талқыға түскен бейнебаян ғой. Бұл жерде сарапшылар "Продюсердің ұтқырлығы" деп айтып жатады.

    Біздің ойымызша, бейнебаянда продюсердің ұтқырлығы рөл атқарған. Ал кейін көпшілік әнді ұнатып қалған. Басында біз де "тек қана Байзақова" деп ойлайтынбыз.

    Содан кейін біз гастрольдік сапарға шықтық. Сонда концертке келген барлық 500-700 адам осы әнді күтіп, қосыла айтады. Біз осындай әнді 2-3 жыл күттік. Ал бейнебаянның өзін бір күнде түсірдік", - деп ағынан жарылды "Alem band" тобы.

    Естеріңізге сала кетейік, "Alem band" тобы "Қалаулым" әніне өткен жылы клип түсірген болатын.

    13 млн қаралым: "Alem band" тобы қалай рекорд жаңартты?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.