jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Димаш пен Игорь Крутой арасындағы шығармашылық серіктестіктің үзілгені рас па

    : UGC

    Димаш Құдайбергеновтің ресми өкілі қазақстандық өнер иесінің ресейлік танымал композитормен серіктестігін үзгені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Димаш пен Игорь Крутой арасындағы шығармашылық серіктестіктің үзілгені рас па
    Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash: UGC

    Димаш Құдайбергеннің кезекті жүлдесін алып, Қытайдағы "Ең үздік әнші" атанғаны сол еді, желіде өнер иесінің композитор Игорь Крутоймен серіктестігін бұзғаны туралы хабар тарады.

    Ресейлік дереккөзге сілтеме жасаған кейбір қазақстандық басылымдар әншінің Крутоймен қош айтысып, оңтүстік кореялық продюсер Сонг Кван Сикпен ынтымақтастық орнатқанын хабарлады.

    Алайда "ДимашАли" шығармашылық орталығының ресми өкілі Назым Жанғазинова аталған ақпаратты жоққа шығарды. Анықталғандай, Димаш о бастан бейжіңдік "BG Talent" компаниясымен бірге жұмыс істейді.

    Сонымен қатар, музыкант АҚШ-тың BMG Еntertainment компаниясының өкілдері мен Швеция, Англия, Корея, Қытай, Франция, Ресей және басқа да елдердің композиторларымен шығармашылық байланыста екен.

    "Соңғы кездері желіде Димаш Құдайбергенов пен композитор Игорь Крутойдың шығармашылық қарым-қатынасына байланысты шындыққа жанаспайтын ақпараттар легі көбейе түсті. Түсіндіруге рұқсат беріңіздер...Әртістің барлық продюсерлік қызметі "ДимашАли" шығармашылық орталығымен іске асады.
    Игорь Крутой мен Димаш Құдайбергеновтің арасында бүгінгі таңға дейін келе жатқан шығармашылық және достық қарым-қатынас орнаған. Игорь Крутойдың компаниясымен бірге 2020 жылға жоспарланған барлық концерттер график бойынша жүзеге асады", - деген Назым Жанғазинова бұдан әрі күмән тудыратын дереккөздерден алынған ақпаратты қолданбауға шақырды.

    Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайберген әйгілі Игорь Крутойдың кешінде өнер көрсеткен.

    Димаш пен Игорь Крутой арасындағы шығармашылық серіктестіктің үзілгені рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.