jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "10 млн теңге береміз деді": Ninety One әншісі қандай мүмкіндіктен бас тартқанын айтты

    Батырхан Мәліков
    Батырхан Мәліков. Видеодан кадр: Youtube/Ащы шоу

    Атышулы Ninety One әншісі Батырхан Мәліков топтың алғаш құрылған кезін еске алып, қандай үлкен мүмкіндіктен бас тартқанын айтты. Өнер иесі сол кезде қатты өкінгенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Батырхан Мәліков атышулы топқа келгенде қаржылық жағына көп араласпағанын айтты. Келісімшартқа сәйкес, Ninety One той-томалақтарда өнер көрсетпейтін. Алайда әнші соның өзінде қомақты қаржы ұсынып, қуанышында ән айтуға шақырғандар болғанын жасырмады.

    "Біз қаражат, тапсырыс жағына көп араласпайтынбыз. Бірақ бір оқиға есімде. Бізді Дубайға біреудің туған күніне шақырған. 10 миллион теңге береміз деді. Ол кезде ондай гонорар болмайтын. 2017 жылы 10 млн теңге деген өте көп болды. Ішіміз ашыды, жасырмаймын. Бірақ осы уақытқа дейін принциппен қызмет етіп келе жатып, 10 миллионға бәрін айырбастап жіберуге дайын болмадық", - деді әнші "Ащы шоу" бағдарламасында.

    "10 млн теңге береміз деді": Ninety One әншісі қандай мүмкіндіктен бас тартқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.