jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Димаш Құдайберген әлемге әйгілі әншімен Лондонда өнер көрсетеді

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

    Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бельгиялық әнші Лара Фабианның Voices туры аясындағы концертінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы ақпарат OVO Arena Wembley-дің Instagram парақшасында жарияланған. Концерт Лондондағы OVO Arena Wembley сахнасында өтеді.

    "Екі феномальды әртіс", - деп жазылған парақша хабарламасында.

    Айта кетейік, жуырда Димаш Құдайберген желідегі парақшасында жаңа бейнебаяны туралы хабармен тыңдарманын қуантты.

    "Достар! 15 мамырда сағат 20:00-де (Астана уақыты) YouTube желісінде "Тау ішінде" бейнебаяны жарық көреді! Премьера құрметіне – челлендж: бейнебаянмен байланысты ең көп қаралған және қызықты видеоға қомақты сыйлық беріледі!" - деді әнші.

    Челленджге қатысу үшін 30 секундтық видеоны TikTok немесе Instagram желісінде "tauishindechallenge" хэштегімен 8-25 мамыр аралығында жариялау керек, деп түсіндірді әнші.

    Өнерпаз челлендждің қорытындысын 26 мамырда Алматыда өтетін фан-кездесуде шығаратынын атап өтті.

    "Жүлде - жеңімпазға өз қалауынша менің жеке концертіме жолдама сыйға тартылады (Барселона, Берлин, Лондон, Рига). Ұшақ билеті мен қонақ үй құны ұтыс ішіне кіреді", - деп жазды Димаш.

    Димаш Құдайберген әлемге әйгілі әншімен Лондонда өнер көрсетеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram