jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    АҚШ, БАӘ, Мексика: Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне 29 елден турист келеді

    Дженнифер Лопес
    Дженнифер Лопес. Фото: Rich Polk/Penske Media via Getty Images

    Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне басқа елдерден 8 мыңға жуық адам келеді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында "Астана концерт" продюсері Мәлік Хасенов мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Оның айтуынша, мұндай деңгейдегі оқиға туризмнің драйвері болып cаналады. Айта кетерлігі, Қазақстанға келетін барлық туристің шамамен 53 пайызы Алматыға келеді.

    "29 елден келетін көрермені билет сатып алды. Қазақстаннан тыс Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, АҚШ, БАӘ, Түркия, Мексика, Германия, Ұлыбритания, Қытай, Швейцария, Сауд Арабиясы және басқа елдерден төлем жасалды.

    Алматы туризм басқармасының мәліметі бойынша, туристер 3-5 күнге келіп, әрқайсысы 1500 доллар жұмсайды", - дейді Хасенов.

    Алдын ала мәлімет бойынша, шетелдік қонақтардың Алматы экономикасына қосатын үлесі шамамен 5 млрд теңгені құрайды – бұл қонақүйлерге, дәмханаларға, экскурсияларға, ұшаққа және тағы басқа шығындарды қамтиды. Қала бюджетіне түсетін салық түсіміне келетін болсақ, олар әншінің Астанадағы концертіне қатысты жарияланған сомаға, яғни, 400 млн теңгеге тең.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.