jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстандық режиссердің фильмі Италиядағы фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

    "Бауырына салу" картинасынан кадр
    "Бауырына салу" картинасынан кадр. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    "Бауырына салу" картинасы Италиядағы фестивальде үздік атанды, деп хабарайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық режиссер Асхат Кучинчерековтың "Бауырына салу" фильмі Италияның Иския аралында өтіп жатқан 23-ші Ischia Film Festival халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған.

    Аталмыш туынды "Үздік толықметражды фильм" номинациясы бойынша жеңімпаз атанған. Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

    Айта кетейік, бұған дейін картина Asia Pacific Screen Awards-тағы ең үздік жастар фильмі атанса, Әзербайжандағы Baku International Film Festival додасында да бас жүлдеге ие болған еді.

    Сондай-ақ Франциядағы Cinema Heritage Festival байқауында да арнайы марапатқа ие болған. Бұдан бөлек, оператор Жанарбек Елеубек Asia World Film Festival-да "Үздік оператор" номинациясы бойынша топ жарды. Сонымен қатар фильм ресми түрде Қазақстаннан "Шет тіліндегі үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскар-2025" сыйлығына ұсынылды.

    Фильмнің сюжеті ежелгі қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың оқиғасын баяндайды. Әжесі өмірден өткен соң бала ата-анасына оралып, жаңа ортада бейтаныс адамдармен қарым-қатынасы қиындайды.

    Қазақстандық режиссердің фильмі Италиядағы фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.