jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Димаш Құдайберген продюсерлік ететін Қытай-Қазақстан шоуының түсірілімі басталды

    Димаш
    Димаш. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Димаш пен Hunan Broadcasting System телеарнасы бірлесе жүзеге асырып жатқан халықаралық жобаның түсірілімі басталды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Түркістан облысында Димаш Құдайберген атқарушы продюсерлік ететін Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды. Жобаға Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің әншілері қатысуда.

    Димаш продюсерлік ететін шоуға қатысушылар
    Димаш продюсерлік ететін шоуға қатысушылар. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Қатысушылар Түркістан қаласына пойызбен келді. Түсірілім барысында олар өңірдің басты туристік және мәдени нысандарында болады. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде, көне Отырар қалашығында, Karavansaray туристік кешенінде және этноауылда түсірілім жұмыстарын жүргізеді.

    Димаш продюсерлік ететін шоуға қатысушылар
    Димаш продюсерлік ететін шоуға қатысушылар. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Байқау қатысушыларының өнерін арнайы шақырылған халықаралық сарапшылар бағалайды.

    Димаш продюсерлік ететін шоуға қатысушылар
    Димаш продюсерлік ететін шоуға қатысушылар. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Түркістандағы түсірілім аяқталған соң жоба шығармашылық сапарын еліміздің басқа өңірлерінде жалғастырады. Халықаралық шоу Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларында өтеді. Жобаның финалдық кезеңі елордада ұйымдастырылмақ.

    Димаш продюсерлік ететін шоуға қатысушылар
    Димаш продюсерлік ететін шоуға қатысушылар. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Айта кетейік, Voice Beyond Horizon жобасын Димаш Құдайберген Қытайдың Hunan Broadcasting System телеарнасымен бірлесе жүзеге асыруда. Аталған телеарна мен оның Mango TV цифрлық платформасын күніне 210 миллионнан астам көрермен тамашалайды. Осы арқылы әлемдік аудитория Қазақстанның туристік әлеуетімен танысуға мүмкіндік алады.

    Димаш продюсерлік ететін шоуға қатысушылар
    Димаш продюсерлік ететін шоуға қатысушылар. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Димаш продюсерлік ететін шоуға қатысушылар
    Димаш продюсерлік ететін шоуға қатысушылар. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Димаш Құдайберген продюсерлік ететін Қытай-Қазақстан шоуының түсірілімі басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.