jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Димаш Құдайбергеннің жаңа Voice Beyond Horizon жобасында Қазақстан намысын кім қорғайды (фото, видео)

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

    Димаш Құдайбергеннің жаңа Voice Beyond Horizon жобасында Қазақстан атынан Нұржас Садырбай өнер көрсетеді, деп хабарлайды dimashnews.com сайты.

    2026 жылы Димаш Құдайбергеннің Қытайдың Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесіп дайындаған Voice Beyond Horizon атты жаңа халықаралық жобасы көрерменге жол тартпақ. Бұл ауқымды музыкалық шоудың қатысушылары – алты елден келген сегіз талантты әнші.

    Нұржас Садырбай
    Нұржас Садырбай. Фото: dimashnews.com

    Қазақстан намысын аталмыш жобада әнші, музыкалық театр және кино актері, вокалдық шеберлігі мен сахналық әсерлілікті үйлестіре білген өнер иесі Нұржас Садырбай қорғайды.

    Нұржас 2000 жылы Үшқұдық қаласында дүниеге келген. 2019 жылы Науаи қаласындағы Мемлекеттік мәдениет және өнер колледжін "Академиялық вокал" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Нұржас Садырбай
    Нұржас Садырбай. Фото: dimashnews.com

    Жоғары білімін ол Қазақ ұлттық өнер университетінде Асхат Маемиров шеберханасында "Музыкалық театр әртісі" мамандығы бойынша алды. Студенттік жылдарында-ақ кәсіби сахнада өнер көрсете бастаған. Оның алғашқы жарқын рөлдерінің бірі – "Ромео мен Джульетта" мюзикліндегі Ромео бейнесі.

    2020 жылдан бері Нұржас Астанадағы Мемлекеттік жас көрермен театрының артисі болып қызмет етеді. Ол "Қыз Жібек" операсындағы Төлеген, "Мадемуазель Нитуш" опереттасындағы Флоридор және "Шәмші" мюзикліндегі Ақан сері рөлдерін тамаша орындаған.

    Романтикалық туындылардың нәзік лиризмін де, драмалық қойылымдардың терең сезімін де шебер жеткізе білетін Нұржас "Абай – Тоғжан" спектаклінде Абай рөлін, "Гаухартас" қойылымында Қайыркен бейнесін және басқа да көркем образдарды сомдады.

    Кино саласында ол басты рөлді "Естай мен Қорлан" музыкалық көркем фильмінде ойнап, ұлы қазақ композиторы Естайдың бейнесін шынайы түрде сомдап шықты.

    Димаш Құдайбергеннің жаңа Voice Beyond Horizon жобасында Қазақстан намысын кім қорғайды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.