jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Танымал актер Еркебұлан Дайыров халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды (фото)

    Еркебұлан Дайыровқа "Келешек мұрасы" сыйлығы табысталған сә
    Еркебұлан Дайыровқа "Келешек мұрасы" сыйлығы табысталған сәт. Фото: instagram.com/yerkebulan_daiyrov

    Белгілі актер Еркебұлан Дайыров "Келешек мұрасы" сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапары кезінде Әзербайжан және Орталық Азия елдерінің президенттерімен бірге "Келешек мұрасы" халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысқан.

    "Келешек мұрасы" сыйлығын тапсыру рәсімі
    "Келешек мұрасы" сыйлығын тапсыру рәсімі. Фото: Ақорда

    Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің айтуынша, биыл тағайындаған бұл сыйлық дәстүрді жаңғыртуға, өнерді дамытуға, сондай-ақ ұлттық рухани мұраны насихаттауға елеулі үлес қосқан мәдениет қайраткерлеріне беріледі.

    Осы орайда қазақ актері Еркебұлан Дайыров "Театр және кино" аталымы бойынша "Келешек мұрасы" сыйлығының лауреаты атанған.

    Еркебұлан Дайыровқа "Келешек мұрасы" сыйлығы табысталған сәт
    Еркебұлан Дайыровқа "Келешек мұрасы" сыйлығы табысталған сәт. Фото: Ақорда

    Актер әлеуметтік желідегі парақшасында бұл сыйлық туралы пікір білдіріп, көрермендерге алғысын айтты.

    "Аллаға да, адамға да алғысым шексіз! Мен жақсы болған соң емес, сіздер жақсы болған соң еңбегім жанып жүрсе керек", - деп жазды Еркебұлан Дайыров.

    Танымал актер Еркебұлан Дайыров халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.