jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Батырымыз мәңгі жүрегімізде": Қайрат Нұртас марқұм Денис Теннің анасына құрмет көрсетті (видео)

    Оксана Тен және Қайрат Нұртас
    Оксана Тен және Қайрат Нұртас. Видеодан кадр: instagram.com/kair_n

    Танымал әнші Қайрат Нұртас марқұм мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің анасына құрмет көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әнші бір құшақ гүлін алып, Оксана Тенге арнайы барып, Денистей ұлды дүниеге әкелген жанға алғыс айтып, ұзақ ғұмыр тіледі.

    Қайрат Нұртас Олимпиада чемпионы атанып, барша қазақты қуантқан Михаил Шайдоровтың тарихи жеңісінің артында Денис Тен салған сара жол жатқанын атап өтті.

    "Халқымыздың мақтанышы, батырымыз мәңгі жүрегімізде", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

    Оксана Тен уақыт тауып келген әншіге алғысын жеткізіп, Денис оны әрқашан құрмет тұтқанын айтып, биіктерден көріне беруін тіледі.

    Сондай-ақ Оксана Тен Қайрат Нұртасты шәкірттерін, жас спортшыларды қолдап, олардың жобаларының біріне қатысуға шақырды, әнші қуана келісті.

    Өз кезегінде желі қолданушылары Қайрат Нұртастың бұл әрекетін қолдап, жылы лебіздерін жаудырған.

    "Керемет жарайсың Қайрат", "Жарайсың Қайрат! Денис Теннің анасы 100 жасасын, жұмысының жемісін көрсін!", "Көз жасым еріксіз төгіліп жатыр қандай мықты ана", "Денистің миссиясын жалғастырушы анасына мың алғыс! Баласын жоғалтса да, спорттан кетпей, қазақ спортының әрі қарай дамуына үлес қосып жатқандығын көріп, көзіме жас келді. Рақмет сізге, Қайрат! Анасын құрметтеп, Денис үшін алғысыңызды білдіргеніңіз мақтан тұтарлық іс болды", "Алла Денистін анасына ғұмырлы өмір берсін! Жарайсың Қайрат. Денис марқұмның аруағы риза болсын!" - деп жазған желі қолданушылары.

    "Батырымыз мәңгі жүрегімізде": Қайрат Нұртас марқұм Денис Теннің анасына құрмет көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.