jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Жаңа әуенмен әрленген сүйікті хиттер: Cover Show бесінші маусымын бастайды

    Cover Show
    Cover Show. Фото: "Хабар" агенттігі

    "Хабар" телеарнасында танымал музыкалық жоба — Мейрамбек Бесбаевтың Cover Show жаңа маусымын ұсына отырып, көрерменге қайта оралады. Бағдарламаның жаңа маусымын талантты музыкант әрі әнші Ғазизхан Шекербек жүргізеді. Жоба көрерменге ерекше музыкалық көңіл күй мен әсерлі орындаулар ұсынбақ, деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.

    Жоба бірнеше жылдан бері қазақ эстрадасының әр буын өкілдерін бір сахнада тоғыстырып, танымал әндерді жаңаша қырынан ұсынумен ерекшеленіп келеді.

    Бұған дейінгі маусымдарда жоба көрерменнің ықыласына бөленген көптеген жарқын хитті ұсынды. Соның ішінде Kalifarniya орындаған "Жоқ, жаным" және Turar орындаған "Армандаймын" әндері миллиондаған қаралым жинап, кеңінен танымал болды. Сондай-ақ Наркенже Серікбаева "Не пайда?", ал Арайлым Әбілсейт "Мені ұмыт" әндерін шырқап, көрермен жадында қалды.

    Бесінші маусымның басты ерекшелігі – шығармашылық тұрғыдан кең мүмкіндік берілуі. Енді орындаушылар сахнаға жеке, дуэт немесе трио форматында шығып, әндерді өз стилінде ұсынуға мүмкіндік алады.

    Мейрамбек Бесбаевтың Cover Show жобасының жаңа маусымы тың дуэттерді, батыл музыкалық шешімдерді және сүйікті әндердің жаңарған әуенін ұсынып, көрерменге ерекше музыкалық кеш сыйламақ.

    Бағдарлама премьерасы 28 наурыз сағат 20:00-де "Хабар" телеарнасында өтеді.

    Жаңа әуенмен әрленген сүйікті хиттер: Cover Show бесінші маусымын бастайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.