jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Димаш Құдайберген продюсер ретінде алғашқы марапатына ие болды (фото, видео)

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

    Әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды, деп хабарлайды DimashNews сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Сайттың жазуынша, 11 сәуірде Макаода өткен Weibo Gala салтанатты кешінде Димаш Құдайберген продюсер ретінде алғашқы марапатына ие болған.

    Оған "Халықаралық мәдени алмасуға қосқан жылдық үлесі үшін" Weibo Macau China сыйлығы табысталған.

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

    "Баршаңызға шын жүректен рақмет айтқым келеді. Бұл – марапат мен үшін өте ыстық. Осы уақытқа дейін әлемнің біраз мемлекетінде әнші ретінде марапатталып жүрсем, бұл – менің продюсер ретінде алған алғашқы марапатым.

    "Көкжиектен асқан үн" жобасында қызметтес болған барша жанға шын жүректен алғыс айтамын. Қазақта "Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас" деген мақал бар. Барлығыңызды құшақтадым. Бұл марапатқа команданың арқасында қол жеткіздік деп санаймын. Ел аман, жұрт тыныш болсын!" - деді әнші.

    Естеріңізге сала кетейік, 5 ақпанда Димаш Құдайберген продюсерлік еткен Voice Beyond Horizon жобасы бастау алды.

    Димаш Құдайберген продюсер ретінде алғашқы марапатына ие болды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.