"Аға, мынаны сізге бере салсам бола ма": Мақпал Жүнісова Ақордада президентке ала келген сыйлығын ұсынды (видео)
Жарияланған күні:
Кеше Ақордада президенттің қолынан екінші дәрежелі "Барыс" орденін алған әнші Мақпал Жүнісова Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлық берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық арнадағы "Ақорда" бағдарламасының авторы, журналист Ақдариға Мұхаддас әншінің президентке сыйлық ұсынған сәтін видеоға түсіріп алған.
Видеодан Мақпал Жүнісованың іс-шарадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарай жақындап, қолында ұстап тұрған сыйлығын бергенін байқауға болады.
"Аға, мынаны сізге бере салсам бола ма?" - дейді әнші кадрда президентке жақындап. Мемлекет басшысы сыйлықты қабыл алып, әншіге алғыс білдірді.
"Әрине, әрине, болады!" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мақпал Жүнісоваға жылы шырай танытып.
Журналистің сөзіне сенсек, Мақпал Жүнісова президентке үнтаспасын сыйға тартқан.
"Апайдың айтуынша, бұл – Ақордаға алғаш келуі. Әрі араға ширек ғасыр салып, мемлекет тарапынан алған алғашқы марапаты екен. Сондықтан көңілде толқыныс барын жасырмады. Әндері жазылған үнтаспасын да ала келіпті. Салтанатты рәсім аяқталған соң президентке арнайы ұсынып, өткен күндердің естелігіндей ықыласын білдірді", - дейді Ақдариға Мұхаддас желідегі жазбасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2379573-aga-mynany-sizge-bere-salsam-bola-ma-maqpal-zhunisova-aqordada-prezidentke-ala-kelgen-syilygyn-usyndy-video/