jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қайталау қиын болады": жаңа әнінің ырғағына билеген Димашқа желі қолданушылары тәнті болды

    Димаш
    Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

    Қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайберген өзінің хореографиялық шеберлігін көрсетіп, жанкүйерін қуантты. Ол "AQERKE" деп аталатын жаңа әніне биледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Димаш жақында желіде би челленджін жариялады. Әнші жаңа әнінің ырғағына сай биін көрсетті.

    "Бейнероликтеріңізді 1 тамызға дейін бөлісіп үлгеріңіздер. Ең көп қаралым жинаған бейнежазба авторы менің жаңа музыкалық бейнебаянымның түсіріліміне қатысуға шақырту алады. Сіздердің бейнероликтеріңізді күтемін, ал әзірге өзімнің нұсқамды ұсынайын", - деді әнші.

    Димаштың биіне жанкүйері бірден пікір қалдыра бастады.

    "Әдемі ән, әдемі би", "Уау, керемет! Қандай жалындаған би. Димаш, сен – отсың", "Енді байқауды аяқтай салса да болады, Димаштан артық ешкім билей алмайды", "Уау! Қайталау қиын болады", - деп пікір қалдырды олар.

    "Қайталау қиын болады": жаңа әнінің ырғағына билеген Димашқа желі қолданушылары тәнті болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.