Ресми: әйгілі рэпер Канье Уэст Алматыда концерт береді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Әйгілі рэпер Канье Уэсттің Алматыда концерт беретіні туралы ақпаратты қала әкімдігі мен қазақстандық концерттік агенттік растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Канье Уэсттің Алматыда концерт беретіні туралы ақпарат тараған еді. Бұл туралы алдымен оның менеджері әрі продюсері Джозеф Карре хабарлады.
Алматы әкімдігінің өкілдері NUR.KZ тілшісіне танымал әртістің оңтүстік астанадағы концертіне қатысты келісімге қол жеткізілгенін растады.
Концерт 14 тамызда сағат 21:00-де Орталық стадионда өтеді.
Бұдан бөлек, қазақстандық First Media Group маркетингтік холдингі Instagram-дағы парақшасында афиша жариялады. Онда рэпердің концерті Қазақстанның бір ғана қаласы – Алматыда өтетіні жазылған.
Билеттердің сатылымы 20 шілдеде сағат 12:00-де басталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2400918-resmi-aigili-reper-kane-uest-almatyda-kontsert-beredi/