jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тараздық дәртүрлі әнші әлемдік рекорд орнатты (видео)

    Тараздық әнші
    Бақыт Шадырбаев. Кадр: "Алматы" арнасы

    Тараздық дәртүрлі әнші Бақыт Шадырбаев әлемдік рекорд орнатты. Өнер иесі 6 сағат бойы ән орындап, әлемдік рекодтар кітабына енді, деп хабарлайды Almaty.tv.

    Дәтүрлі әншіні қолдауға тыңдармандары, әріптестері мен жақындары жиналды. Өнерпаздың айтуынша, әлемдік рекорд орнату идеясы бір жыл бұрын туған. Осылайша өнер иесі бір кеште 114 ән шырқады. Репертуарда халық әндерімен қатар танымал композиторлардың туындылары және онға жуық қырғыз әні болды.

    Жалпы бұған дейін бұл санаттағы әлемдік рекорд 101 әнмен тіркелген екен. Бақыт Шағырбаев 35 жылдан бері дәстүрлі өнерді дәріптеп келеді. Бүгінде оның репертуарында 400-ге жуық ән бар.

    "Бұл – жай өнер емес, байқау емес, қазақ деген ұлттың өнерін 200-дей мемлекетке таныту. Халық термелері, халық композиторларының әндерін, халық әндері, Шәмші ағамыздың, Әсет Бейсеуовтің, Ілия Жақановтың әндері, қырғыздың әндерін орындаймын", – деді дәстүрлі әнші Бақыт Шағырбаев.

    "Аспаппен өзі айтып, өзі орындап отыр. Бұл – рекордтардың қатарында. Әлем рекорды осы деңгейде 101 ән болатын. Ән орындауда ешқандай мәтін текст қолданбау керек. Екіншіден, фонограмма болмауы керек. Үшіншіден, өзі сүйемелдеп аспаппен ойнауы керек. Ән толық орындалуы керек. Егер мәтіннен кемшілік болса, өлеңді қайтадан бастауға 1 мәрте рұқсат беріледі", – деді Global Best Of Records Азия және Африка дивизионы бойынша рекордтарды тіркеу жөніндегі бас офицері Қуандық Құдайбергенов.

    Тараздық дәртүрлі әнші әлемдік рекорд орнатты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.