jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Димаштың түрік тіліндегі әні шетелдік iTunes хит-парадтарында көш бастады

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

    Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жаңа авторлық әні бірнеше елдегі iTunes чарттарында көш бастады. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Күні кеше Димаш Құдайберген өзі музыкасын жазған түрік тіліндегі әнін тыңдарман назарына ұсынды. "Yazgı" деп аталатын туынды тыңдарманның ықыласына бөленіп, бірқатар елдің iTunes музыкалық чарттарында бірінші орынға шықты.

    "Менің жаңа "Yazgı" әнім iTunes чарттарының көшін бастап тұр. Венгрияда – №1, Румынияда – №1. Латвияда үздік үштікте.

    Әр тыңдалым, әр сатылым және жылы лебіз менің туындымның бүкіл әлем бойынша тыңдарман табуына көмектеседі.

    Махаббат пен сенімдеріңіз және үнемі қолдау көрсетіп келе жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл жетістік – бәріміздің ортақ еңбегіміз!" - деді Димаш.

    "Сіңірген еңбегің мен махаббатыңмен ең жақсыға лайықсың, сен ерекше жансың, жаныңмен шырқайсың", "Димаш, тамаша әніңе тәнтімін", "Ән өте әдемі. Осы сыйлығың үшін рақмет", "Бұл әдемі әнді Spotify-да да, YouTube-те де тыңдап жүрмін! Рақмет!" - деп жазуда жанкүйері.

    Димаштың түрік тіліндегі әні шетелдік iTunes хит-парадтарында көш бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.