Қайрат Нұртас сахнада жүргеніне 20 жыл толуына орай Астанада концерт бермек
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақ эстрадасындағы хит әндердің орындаушысы Қайрат Нұртас шығармашылық жолының 20 жылдығына орай Астанада концерт өткізбек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қайрат Нұртас шығармашылығының 20 жылдығын ерекше атап өтпек. Ол 27 қыркүйекте Astana Arena-да көрермендерімен қауышып, үлкен концерт беруді жоспарлап отыр.
"Сахнада 20 жыл…
Осы уақытқа дейін әр әннің астарында сіздердің қолдауларыңыз, әр концерттің артында сіздердің махаббаттарыңыз тұрды.
Бірге қуанып, бірге толқып, өмірдің ең қымбат сәттерін әнмен бөлістік. Осы жолда сіздер тек тыңдарман емес, өнер жолымның ажырамас бөлігіне айналдыңыздар.
Алда ерекше кеш күтіп тұр.
Бұл – жай ғана музыкалық концерт емес. Бұл – мыңдаған ән, миллиондаған естелік және сіздермен бірге өткен 20 жыл. Кездескенше, Астана!" - деп жазды Қайрат.
Желі қолданушылары әншінің жазбасына пікір қалдырып, тілегін жаудырды.
"Несие алсам да барамын", "Сәттілік, Қайрош!", "Қайрекең мұны менің туған күніме орайластырыпты", "Аңыз адам" деп жазуда желі қолданушылары.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2409215-qairat-nurtas-sahnada-zhurgenine-20-zhyl-toluyna-orai-astanada-kontsert-bermek/
