jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Ықылас, ниетке ризалықтан туындаған": Қанат Айтбаев ташкенттік достарына арнап ән шығарды

    Қанат Айтбаев
    Қанат Айтбаев. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі, композитор әрі продюсер Қанат Айтбаев жаңа ән шығарды. Ән Астана мен Ташкент тұрғындарының достығына арналған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қанат Айтбаев шынайы достыққа арналған жаңа музыкалық туындысын көпшілік назарына ұсынды. Әннің музыкасын Айтбаев өзі жазған.

    "Ташкент шаһарындағы достардың ықылас, ниетіне ризалықтан туындаған әнімді қабыл алыңыздар. Сөзін жазған Қуат Бораш. Аранжировкасын жасаған Рустам Тулешов. Әннің толық нұсқасын музыкалық платформалардан көшіре, тыңдай аласыздар", - деп жазды Қанат Айтбаев.

    "Ташкент сіздерді әрқашан күтеді, сіздер біздің жүрегіміздесіздер! Рахмет", "Керемет ән", "Құрметті Қанат Құдайбергенұлы, тамаша жеке композицияңыз үшін көп рахмет", "Сондай әдемі ән, құтты болсын!", - деп пікір білдірді әлеуметтік желі қолданушылары.

    "Ықылас, ниетке ризалықтан туындаған": Қанат Айтбаев ташкенттік достарына арнап ән шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.