jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Рэкетир" жұлдызы әлемге әйгілі кино аңызы Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    Саят Исембаев пен Джеки Чан
    Саят Исембаев пен Джеки Чан. Фото: instagram.com/issembayevsayat

    "Рэкетир" фильмінде басты рөлді сомдаған қазақстандық актер Саят Исембаев Instagram-дағы парақшасында аты аңызға айналған Джеки Чанмен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Суретте Саят Исембаев пен Джеки Чан камераға жымиып қарап, қатар тұр.

    "Мистер Джеки Чан. Әлем аңызы. Бала кезімізде оның фильмдеріне барып, оған таңданыспен, ерекше ықыласпен қарайтынбыз. Сіз кереметсіз, Джеки Чан", - деп жазды Саят.

    Белгілі болғандай, сурет 11 тамызда түсірілген. Алайда актер оны жақында ғана бөлісті. Желі қолданушылары суретке пікір қалдырып жатыр.

    "Екі жұлдыз", "Аңыздар", "Керемет", "Екі мықты актер", "Енді "Рэкетир-4" фильмінің құрамын білемін", "Сізге қызығамын", "Қайсысы Джеки Чан?", "Үшінші болып тұрғым келеді", - деп жазды желідегілер.

    "Рэкетир" жұлдызы әлемге әйгілі кино аңызы Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.