jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Мұрны сынып, жарақат алған": "Ауру" фильмінің актерлері түсірілім алаңында басынан өткен оқиғаларды бөлісті (видео)

    "Ауру" фильмінің актері және Марат Оралғазин
    "Ауру" фильмінің актері және Марат Оралғазин. Кадр видеодан: youtube.com/@MaratOralgazin

    "Қызық Times" бағдарламасының кезекті шығарылымына жақында ғана көрерменге жол тартқан "Ауру" фильмінің режиссері мен басты кейіпкерлері қонаққа келді. Режиссер Айтөре Жолдасқали, актерлер Аян Өтепберген, Дильназ Құрманғали, Азат Жұмаділ және Аида Құрманғалиева түсірілім барысында болған қызықты әрі қауіпті оқиғаларымен бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бағдарлама барысында актерлер түсірілім алаңында болған күтпеген сәттер туралы айтты.

    Мәселен актер Азат Жұмаділ түсірілім кезінде мұрны сынып, ауыр жарақат алған. Бұдан бөлек актерлар Аида мен Азаттың өміріне тікелей қауіп төнген.

    Бағдарлама жүргізушілері желіде тараған сыбыстарға да тоқталып өтті. Атап айтқанда, актриса Дильназ Құрманғали рөлі үшін шашын тақырлап алып тастағаны үшін расымен де 10 миллион теңге гонорар алды ма деген сұраққа жауап берді.

    Бағдарламаның "Фонограмма" айдарында қонақтар әншілік әрі пародистік қабілетін паш етті. Актер Аян Өтепбергеннің Камшат Жолдыбаеваға жасаған пародиясы студиядағы көрермендердің көңілінен шықты.

    Шығарылым соңында шоу жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек қонақтарға арнайы пранк ұйымдастырып, бағдарламаны ерекше эмоциямен аяқтады.

    Толығырақ бағдарламадан көре аласыздар:

    "Мұрны сынып, жарақат алған": "Ауру" фильмінің актерлері түсірілім алаңында басынан өткен оқиғаларды бөлісті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.