jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Энрике Иглесиастың концерті: елорда әкімдігі көрерменге үндеу жасады

    Энрике Иглесиас
    Энрике Иглесиас. Фото: Keith Griner/Getty Images

    Астана әкімдігі 3 қыркүйекте елордада өнер көрсететін әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиастың концерті қарсаңында қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қала әкімдігінің баспасөз қызметі 3 қыркүйек сағат 20:00-де Астанада Энрике Иглесиастың концерті өтетінін еске салды.

    Көрерменге қолайлы жағдай жасау үшін арнайы шаттл-бағыттар ұйымдастырылады.

    Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап қатынап, қаладағы төрт орыннан жолаушыларды "Астана Арена" стадионына жеткізеді. Концерт аяқталғаннан кейін көрермендер осы бағыттар арқылы кері қайтарылады.

    Арнайы көліктер мына бағыттар бойынша қатынайды:

    • Елорда циркінің жанындағы автотұрақтан;
    • "Әзірет Сұлтан" мешітінің жанындағы автотұрақтан;
    • Қажымұқан көшесіндегі "Қазақстан" спорт кешенінің жанындағы автотұрақтан;
    • "Нұр-Сұлтан" мешітінің (Бас мешіт) жанындағы автотұрақтан.

    Шаттл автобустар концерт басталғанға дейін де, аяқталғаннан кейін де екі бағытта қатынайды. Қосымша шаттл-бағыттардың қатынауы жолдардағы көлік кептелісін азайтып, елорда тұрғындары мен қонақтарының концерт өтетін жерге жайлы әрі қауіпсіз жетуіне мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар көрермендер концерт өтетін орынға жылдам әрі ыңғайлы жету үшін "Тарлан Астана" жеңіл рельсті көлік қызметін пайдалана алады.

    Еске сала кетейік, наурызда әйгілі әнші Энрике Иглесиас бірден Қазақстанның екі қаласында – Алматы мен Астанада концерті өтетінін хабарлаған еді.

    Энрике Иглесиастың концерті: елорда әкімдігі көрерменге үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram