jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Энрике Иглесиастың концерті: Алматы әкімдігі көрерменге маңызды ақпаратты еске салды

    Энрике Иглесиас
    Энрике Иглесиас. Фото: Prodip Guha/Getty Images

    Алматы әкімдігінің өкілдері Энрике Иглесиастың концертіне баратын қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық көліктердің қалай жұмыс істейтінін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Алматы әкімдігі 5 қыркүйекте Орталық стадионда өтетін Энрике Иглесиастың концерті барысында қоғамдық көліктер, соның ішінде метрополитен штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады.

    Концерт аяқталғаннан кейін 50 тегін шаттл ұйымдастырылады. Олар стадионның Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесі жағындағы тұстан жүреді.

    Шаттлдар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

    • әуежай;
    • "Орбита" шағын ауданы;
    • "Алматы-1" теміржол вокзалы;
    • Райымбек – Алатау;
    • "Алматы Арена".

    "Қосымша маршруттар көрерменге іс-шара аяқталған соң қаланың негізгі көлік тораптары мен аудандарына тезірек жетуге мүмкіндік береді.

    Алматы тұрғындары мен қонақтарына Орталық стадионға бару және қайту маршрутын алдын ала жоспарлау, сондай-ақ мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану ұсынылады", - деп атап өтті әкімдік.

    Айта кетейік, Энрике Иглесиастың Алматыдағы концерті 5 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді. Іс-шара сағат 20:00-де басталады.

    Бұған дейін хабарлағанымыздай, әншінің концерті кезінде Орталық стадион мен оған іргелес аумақта 2 мыңға жуық полиция қызметкері іске жұмылдырылады.

    Энрике Иглесиастың концерті: Алматы әкімдігі көрерменге маңызды ақпаратты еске салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram