jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Энрике Иглесиас Алматыдағы концертінде көрерменге тағзым етіп, қазақ тілінде алғыс айтты (фото, видео)

    Энрике Иглесиас
    Энрике Иглесиас. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

    Алматының Орталық стадионында танымал әнші Энрике Иглесиастың концерті өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Концерт басталмас бұрын стадион маңына әншінің жанкүйері жинала бастады. Келушілер саны көп болғанына қарамастан, көрерменді стадион аумағына кіргізу қалыпты өтті.

    Концерт өтетін стадион жанында дәстүр бойынша мерчтер – Энрике Иглесиастың суреті бар футболкалар 10 мың теңгеге сатылып жатты.

    Испан әншісі сахнаға шықпас бұрын диджейлер өнер көрсетіп, көрермен көңілін көтерді. Концерт уәде етілген уақыттан біршама кеш басталды. Алайда Иглесиас сахнаға шыққанда, зал оны ерекше қошеметпен қарсы алды.

    Испандық әншінің концертінде лазерлік сәуле мен көрерменге таратылған жарық беретін білезіктер сияқты арнайы эффектілер белсенді қолданылды.

    Энрике алғашқы ноталардан-ақ көпшілікті баурап алды. Ол "I'm free", "Be with you", "Heartbeat", "Bailamos" және басқа да танымал композицияларын орындады.

    Энрике Иглесиастың концерті
    Энрике Иглесиастың концерті. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

    Би алаңы стадионның ортасында болғанымен, трибунадағы көрермен де орнында отыра алмай, әншімен бірге билеп, қосыла шырқады.

    Иглесиас "What's up, Almaty?" және "Сәлем" деп айқайлап, көпшілікті таңғалдырды. Алматылықтар әртіске гүл сыйлады, ал Энрике Иглесиас оларға қазақ тілінде алғысын білдірді.

    Концерт жарық эффектілерімен, отшашулармен және динамикалық музыкамен ерекшеленді. Шамамен бір сағаттан кейін Энрике сахнадан кетіп қалды. Алайда көрермен кумирін жібергісі келмей, оны айғайлап шақырды. Көп ұзамай әнші қайта оралып, бірнеше ән орындады. Олардың қатарында әншіні әлемге танытқан "Hero" әні де болды.

    Концерт шамамен 1,5 сағатқа созылып, отшашумен аяқталды. Қоштасу кезінде Энрике мен оның командасы көрермендерге тағзым етті.

    Энрике Иглесиас Алматыдағы концертінде көрерменге тағзым етіп, қазақ тілінде алғыс айтты (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram