Энрике Иглесиас Алматыдағы концертінен кейін желіде әсерлі жазба жариялады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Танымал испан әншісі, продюсер әрі актер Энрике Иглесиас 5 қыркүйекте Алматыда өткен концертінен кейін қазақстандықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Энрике Иглесиас Instagram-дағы парақшасында Алматыдағы Орталық стадионда өткен концерттен кадрларды бөлісті.
"Қазақстан! Мен сені жақсы көремін! Рақмет, Алматы!" - деді ол жазбада.
Кейінірек әнші жанкүйерімен түскен видеоны жүктеді. Кадрларда Энрике сахнадан көрерменге қарай түскенін байқауға болады. Көрермен кумирін жақыннан көргеніне сене алмай, қуанышын жасыра алмады. Ол көрерменмен қол алысып, тіпті қолтаңба беріп үлгерді.
"Қазақстан, мені осылай жылы қабылдағаның үшін және осындай керемет болғаның үшін тағы да рақмет!" - делінген видео сипаттамасында.
Желі қолданушылары да жазбаға пікір қалдырып, жылы лебізін білдірді.
"Сізді кез келген уақытта күтеміз, сізді тағы да көрсек қуаныштымыз", "Қазақстанда сізді қайта күтеміз", "Үйіне аман жетіпті, пост жариялағанына қарағанда", "Жанкүйеріңізге өте мейірімдісіз", "Жүрегім менің", - деп жазды Иглесиастың жанкүйері.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2423907-enrike-iglesias-almatydagy-kontsertinen-keiin-zhelide-aserli-zhazba-zhariialady/
