jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Тірі аңыз": Димаш Құдайберген сахнаға оралған Селин Дионға арнап видео жариялады (видео)

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: Instagram / kudaibergenov.dimash

    Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында әлемдік музыка жұлдызы Селин Дионға арналған әсерлі видео жариялады. Димаш Парижде өнер көрсеткен аңыз әншіге алғыс айтты, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Димаш өз бейнежазбасында Селин Дионның сахнаға қайтып оралғаны ерекше қуаныш екенін сөз етті.

    "Сәлеметсіздер ме, құрметті ханымдар мен мырзалар! Мен жаңа ғана Селин Дионның Париждегі өнерін тамашаладым. Оны қайтадан сахнадан көргеніме, әрине, өте қуанышты болдым. Сондай-ақ оның әдеттегідей ғажайып ән шырқағанын естігеніме қуандым. Бұл видеоны оның музыка әлеміне қосқан орасан зор үлесі үшін алғыс айту мақсатында түсірдім", — деді орындаушы.

    Сонымен қатар қазақстандық музыкант Селин Дионның шығармашылығы өзіне де үлкен шабыт бергенін атап өтіп, аңыз әншіге ақ тілегін арнады.

    "Сіздің дауысыңыз бен музыкаңыз бүкіл әлемдегі миллиондаған адамға, соның ішінде маған да шабыт берді. Барлығы үшін рақмет. Нағыз тірі аңыз, біз сізді өте қатты сыйлаймыз және жақсы көреміз. Құдай сізді қолдап, ұзақ әрі бақытты өмір сыйласын", — деп түйіндеді ол.

    Видеоға пікір қалдырған желі қолданушылары Димаштың сөздеріне қосылып, Селин Дион мен әншінің дуэт болып ән шырқаған сәтін күтетіндерін жеткізді.

    Еске салсақ, Селин Дион жақында Парижде ұзақ уақыт үзілістен кейін сахнаға оралып, концерт берген болатын. 2022 жылдың желтоқсанында емі жоқ ауыр дертке шалдыққанын мәлімдеген Селин Дион 2020 жылдан бері толыққанды концерт беріп көрген емес.

    "Тірі аңыз": Димаш Құдайберген сахнаға оралған Селин Дионға арнап видео жариялады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram