jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Екі патшайым": Баян Алагөзова мен Мақпал Жүнісованың бірге түскен суреті желідегілерді сүйсіндірді

    Баян Алагөзова мен Мақпал Жүнісова
    Баян Алагөзова мен Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

    Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова әлеуметтік желіде Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісовамен түскен суретін жариялады. Желі қолданушылары бұл суретке сүйсініп, жылы лебіздерін жаудырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Патшайыммен бірге", - деп жазды Баян Мақсатқызы Instagram-дағы парақшасында Мақпал Жүнісованы белгілеп.

    Суретте продюсер мен әнші қатар тұрып, камераға қарап жымиып тұрғанын байқауға болады. Мақпал Жүнісованың қолында қанық түсті гүл шоғы бар. Әнші әлеуметтік желіде Баян Мақсатқызының жаңа студиясында болғанын және ерекше әсер алғанын жазды.

    Желі қолданушылары олардың бірген түскен суретіне сүйсініп, ақ тілектерін жазды.

    "Сұлулар, Қазақстанның ең әдемі әйелдері", "Бір күні осы патшайым туралы фильм шығады", "Екі аңыз, екі патшайым – бір кадрда. Сұлулық, талант пен тұтас бір дәуір!", "Баян Мақсатқызы жарайсыз! Үлкендерді әрдайым сыйлап жүресіз. Денсаулығыңыз мықты болсын", "Екеуіңіздің де алдарыңызда басымды иемін", "Мақпал Жүнісова туралы фильм түсіріңізші, өтініш", - деп жазды желідегілер.

    "Екі патшайым": Баян Алагөзова мен Мақпал Жүнісованың бірге түскен суреті желідегілерді сүйсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram