jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Ешкім күтпеді": Мақпал Жүнісова мен Тұрар Ыдырыс көрермендерге тосынсый жасады (видео)

    Тұрар Ыдырыс пен Мақпал Жүнісова
    Тұрар Ыдырыс пен Мақпал Жүнісова. Видеодан кадр: instagram.com/turar__ydyrys

    Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова мен 2Rar сахналық лақап атымен танымал әнші Тұрар Ыдырыс сахнада бірге өнер көрсетіп, жұрттың ықыласына бөленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Олардың дуэт орындаған видеосын әнші Нұрлыбек Нағметов әлеуметтік желіде жариялады.

    "Апамның тыңдармандары күтпеген дуэт болды деп ойлаймын", - деп жазды ол.

    Тұрар Ыдырыс та бірге өнер көрсеткен сәтінен видео жариялап: "Аңыз адам. Жақсы көремін", - деп жазды.

    Ал әншілерлің тыңдармандары мұндай тосынсыйды ешкім күтпегенін айтып, жылы лебіздерін жазып жатыр.

    "Күтпеген коллаборация", "Х буыны мен Z буыны, өте керемет үйлесім, браво!", "Қандай керемет дуэт", "Жасы 60-тан асса да, керемет билейді", "Қандай энергеия!", "Нағыз хит", - деп таңданыстарын білдірді желі қолданушылары мен әншілердің әріптестері.

    Посмотреть в Threads

    "Ешкім күтпеді": Мақпал Жүнісова мен Тұрар Ыдырыс көрермендерге тосынсый жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram