Сильвестр Сталлоне Трамптың Голливудтағы арнайы өкілі болудан неге бас тартқанын түсіндірді
Жарияланған күні:
Читать на русском
АҚШ президенті Дональд Трамп актер Сильвестр Сталлонені Голливудтағы киноиндустрия бойынша арнайы өкіл етіп тағайындауды ұсынды. Алайда Сталлоне бұл ұсыныстан бас тартқанын мәлімдеді, деп жазды The Blast басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Голливуд жұлдызы Сильвестр Сталлоне Дональд Трамп ұсынған Голливудтағы арнайы өкіл қызметінен бас тартқанын мойындады. Актердің айтуынша, ол бұл тағайындау туралы теледидардағы жаңалықтардан білген, онда оның есімі Мел Гибсон мен Джон Войтпен бірге тізімде жүрген. Актер егер одан алдын ала сұрағанда, бұл идеяның жүзеге аспайтынын бірден айтар едім дейді.
Сталлоне бас тарту себебін бұл қызметтегі міндеттерді орындау іс жүзінде мүмкін еместігімен түсіндірді. Оның пікірінше, киностудиялар жеке феодалдық мемлекеттер секілді жұмыс істейді және ешкім ірі компаниялардың басшылығына бизнес жүргізуді үйрете алмайды. Актер Голливудтің корпоративтік секторы оның қаржылық және өндірістік мәселелер бойынша кеңестеріне құлақ аспайтынын баса айтты. Нәтижесінде Сталлоне "рахмет және чао" деп жауап беріп, ұсыныстан бас тартты.
Трамптың бастамасы актерлердің кино өндірісін басқа елдерден АҚШ-қа қайтаруға көмектесуін көздеген еді. Алайда бұл лауазым ресми мемлекеттік қызмет емес, кеңес беру сипатында болды. Сталлонемен салыстырғанда, оның әріптесі Джон Войт әкімшілікпен ынтымақтастықты жалғастырып, америкалық киноиндустрияны қолдау жоспарын ұсынды. Ал Сталлоне қазіргі таңда танымал "Талса королі" криминалдық сериалының төртінші маусымының түсіріліміне ден қойып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2430753-silvestr-stallone-tramptyng-gollivudtagy-arnaiy-okili-boludan-nege-bas-tartqanyn-tusindirdi/