jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Жүрекке жетеді деген үміттемін": Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің бірлескен әні шықты

    Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртас
    Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртас. Фото: instagram.com/toregalitoreali

    Қазақстандық әншілер Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртастың бірлесе орындаған әні жарыққа шықты. Жаңа туындыны олардың тыңдармандары мен өнердегі әріптестері жоғары бағалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Төреғали Төреәлі Instagram-дағы парақшасында Қайрат Нұртаспен бірге орындаған "Не деген әдемі" атты әні жарыққа шыққаны туралы жаңалықты бөлісті.

    "Жүректен шыққан әніміз жүрекке жетеді деген үміттемін. Әннің толық нұсқасын YouTube арнамнан тыңдап, Telegram-дағы парақшадан жүктеп алсаңыздар болады", - деп жазды әнші.

    "Керемет шығыпты", "Бұл әнді көптен күткен едік", "Тамаша ән, екі жұлдыз", "Керемет орындадыңыздар", "От!" - деп Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің тыңдармандары жылы лебіздерін білдірді.

    Әншілерге өнердегі әріптестері де қолдау білдірді.

    "Жүрекке жетеді деген үміттемін": Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің бірлескен әні шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram