jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қайрат Нұртастың Астанадағы концерті: қала ішінде арнайы шаттлдар қатынайды

    Қайрат Нұртас
    Қайрат Нұртас. Фото: instagram.com/kair_n

    "Астана Арена" стадионында 27 қыркүйек күні сағат 19:00-де танымал әнші Қайрат Нұртастың концерті өтеді. Көрерменге қолайлы жағдай жасау және көлік кептелісін азайту үшін бұл күні арнайы шаттл-маршруттар қатынайды. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлім етті.

    Арнайы автобустар сағат 16:00–ден бастап жүреді.

    Олар жолаушыларды қаланың төрт жерінен "Астана Арена" стадионына жеткізіп, концерт аяқталғаннан кейін кері бағытта да тасымалдайды.

    Арнайы көліктердің жүру бағыттары:

    — Астана циркінің автотұрағы;

    — «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;

    — Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы;

    — «Нұр-Сұлтан» мешітінің (Бас мешіт) автотұрағы. Шаттл-автобустар екі бағытта да — концерт басталғанға дейін және іс-шара аяқталғаннан кейін қатынайды.

    Қосымша шаттл-маршруттардың іске қосылуы стадион маңындағы көлік кептелісін азайтып, көрерменнің концертке барып-қайтуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ концерт өтетін орынға "Тарлан Астана" жеңіл рельсті көлігі арқылы жетуге болады.

    Қайрат Нұртастың Астанадағы концерті: қала ішінде арнайы шаттлдар қатынайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram