jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ресми: Қырғызстанға Шакира келетін болды

    Шакира
    Шакира. Фото: instagram.com/shakira/

    Әлем жұлдызы Шакира Қырғызстанға 18 қазанда келетін болды. Бұл туралы президент істерінің жетекшісі Қаныбек Тұманбаев хабарлады, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

    "Әлемге әйгілі әнші Las Mujeres Ya No Lloran World Tour турнесі аясында "Бішкек Аренада" өнер көрсетеді. Бұл Шакираның Орталық Азияға алғашқы өнер көрсетуі", - деп мәлімдеді Қырғызстан президенті істерінің жетекшісі. Билеттер сатылымы 1 қазанда @gov.ticket платформасында басталады.

    Билеттер бағасы орынға байланысты

    Fanzone 1 / Fanzone 2 — 40 мың сом;

    Ground admission — 27 мың сом;

    Skybox — 30 мың сом;

    1 категория — 40 мың сом;

    2 категория — 34 мың сом;

    3 категория — 28 мың сом;

    4 категория — 22 мың сом;

    5 категория — 13,5 мың сом;

    Места с ограниченным обзором — 12 тыс сомов.

    Сахна шығыс трибуна маңында орналасады. VIP-билеттер саны шектеулі және сатылымға кейін түседі. Олардың құны жоғары болады.

    Ресми: Қырғызстанға Шакира келетін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram