jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Қайта жаңғыртылған "Мстители: Финал" фильмі АҚШ прокатында көш бастады

    Мстители. Финал
    Мстители. Финал. Фото: Alberto E. Rodriguez/Getty Images for Disney

    Variety басылымының хабарлауынша, Marvel суперқаһармандық блокбастерінің жаңғыртылған нұсқасы демалыс күндері 26 миллион доллар жинап, Роберт Паттинсон мен Брэд Питт түскен жаңа релиздерді басып озды, деп жазды KAZ.NUR.KZ.

    Avengers: Endgame: Encore атауымен қайта шыққан "Мстители: Финал" фильмі түпнұсқасы жарық көргеннен жеті жыл өткен соң Солтүстік Америка бокс-офисінде бірінші орынға ие болды. Disney компаниясы жаңғыртқан Marvel блокбастері өткен демалыс күндері АҚШ пен Канаданың 3060 кинотеатрында шамамен 26 миллион доллар табыс әкелді, сонымен қатар халықаралық нарықтарда тағы 60 миллион доллар жинады. Көрсетілімге титрлерден кейінгі жаңа көріністер мен "Мстителі: Судный день" фильмінің алдағы премьерасына дайындық аясында актерлер кіші Роберт Дауни мен Крис Эванстың бейнеүндеуі енгізілген.

    Демалыс күндерінің қорытындысы бойынша екінші орынды екінші прокат аптасында 23,3 миллион доллар жинаған "Обитель зла" хорроры иеленді. Үшінші орынды жаңа фильмдер бөлісті: Брэд Питт ойнаған "Сердце зверя" шытырман фильмі 82 миллион доллар бюджетпен 20 миллион доллар жинаса, A24 компаниясының журналист Крис Хансен рөлінде Роберт Паттинсон түскен "Праймтайм" триллері 19,2 миллион доллар жинады.

    Өндірістік бюджеті 15 миллион долларды құрайтын "Праймтайм" картинасы үшін бұл нәтиже үлкен коммерциялық табыс болды. Көшбасшылар бестігін Universal және DreamWorks студиясының 12,8 миллион доллар жинаған "Забытый остров" анимациялық фильмі түйіндеді. Солтүстік Америка кинопрокатының демалыс күндеріндегі жиынтық түсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58,5%-ға өсті.

    Қайта жаңғыртылған "Мстители: Финал" фильмі АҚШ прокатында көш бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram