"Бақ сүйсін маңдайыңнан": Қанат Айтбаев жалғыз қызына ән арнады (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандық әртіс, композитор әрі продюсер, танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев жалғыз қызы Раушанға ән арнады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Бақ сүйсін маңдайыңнан!" деп аталатын жаңа әннің музыкасын Қанат Айтбаевтың өзі, ал сөзін ақын әрі журналист Бауыржан Бабажанұлы жазған.
Әнге түсірілген бейнебаян YouTube желісінде жарияланды. Оған Раушанның қыз ұзату тойынан алынған кадрлар арқау болған.
"Әкесінің сүйікті қызына деген шексіз махаббатын көрсететін әдемі ән", "Раушанға деген ыстық ықылас пен шынайы сезімге толы қандай керемет ән. Ал бейнебаяндағы ұмытылмас тойдың кадрлары тіпті керемет", "Өте әдемі шығыпты", - деп сүйсінді желі қолданушылары.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2436109-baq-suisin-mangdaiyngnan-qanat-aitbaev-zhalgyz-qyzyna-an-arnady-video/
